13:59, 17 Наурыз 2013 | GMT +5
Астанада поляктардың республикалық байқауы өтті
АСТАНА. 17 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласының №5 мектеп-гимназиясында «Барлығы пан Тадушты оқиды» атты поляктардың республикалық байқауы өтті.

Шара барысында Қарағанды, Астана, Павлодар, Көкшетау қалалары, сондай-ақ Тайыншы, Чкалов пен Шортанды сияқты елді мекендерінен келген поляк ұлтының жастары «Пан Тадеуштың» шығармаларын оқып, өзара сынға түсті. Бұл конкурс Астана қаласының №5 мектеп-гимназиясының бастамасымен өтіп отыр. Оның директоры пан Алексей Труфанов - поляк ұлтының өкілі.
Айта кетейік, «Пан Тадеуш» - бұл белгілі жазушы Адам Мицкевичтің эпикалық поэмасы. 12 кітаптан тұратын оның толық атауы - «Пан Тадеуш немесе Литвадағы соңғы шабуыл. Шляхтетск оқиғасы. 1811-1812 жылдар». Поэманың басты кейіпкерлері - Тадеуш пен Зося.