Астанада пойыз құрастырушы вагон доңғалағының астына түсіп қалды
АСТАНА. Қазанның 16-сы. ҚазАқпарат - Елордалық «Сарыарқа» ауданында теміржолда төтенше оқиға орын алды. Пойыз құрастырушы вагон доңғалағының астына түсіп қалды,
деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінен.
Ведомствоның ақпараты бойынша, оқиға қазанның 15-і күні таңертең теміржол құрамын құрастыру кезінде орын алған. 25 жастағы азамат жарақатпен ауруханаға жеткізілді.