Астанада Президент кубогі додасында Қазақстан құрамасы «СКА» клубына есе жіберді

АСТАНА. 9 тамыз. ҚазАқпарат - Астанада шайбалы хоккейден Президент Кубогі үшін халықаралық турнир жалауын көтерді.

Астанада Президент кубогі додасында Қазақстан құрамасы «СКА» клубына есе жіберді

Бүгін алғашқы матч Қазақстан құрамасы мен Құрлықтық хоккей лигасында өнер кқрсететін «СКА» хоккей клубы арасында өтті. Бұл кездесуде Қазақстан құрамасы 3:0 есебімен жеңіліп қалды.

Алғашқы екі гол бірінші айналымда соғылды. Бірінші шайба клубтың жаңа ойыншысы Антон Бурдисовтың еншісінде болса, екіншісін 18-минутта орталық шабуылшы Тони Мартинссон салды. Қазақстандықтардың қақпашысын үшінші рет Максим Чудинов қапыда қалдырды.

Енді келесі ойынды бүгін кешкі сағат 19.00-де «Барыс» пен оның бірінші қарсыласы - ресейлік «ЮГРА» өткізеді.

Айта кетейік, турнирге бес команда қатысуда. Олар елорданың «Барысы», Ресейдің «Югра» мен «СКА» хоккей клубтары, Өскеменнің «Қазцинк-Торпедо» командасы және Қазақстан ұлттық құрамасы.

Бақталастар 4 күн бойы айналмалы жүйе бойынша өзара мықтыны анықтайды. Президент Кубогі сарапқа салынатын сайысты - «Нұр Отан» халықтық демокртаиялық партиясы мен Қазақстанның шайбалы хоккей федерациясы ұйымдастырып отыр. Кубоктің былтырғы жеңімпазы - «Барыс» хоккей клубы.