Астанада Президент Кубогінде украиналық теннисші бойжеткен жеңіске жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада халықаралық теннис турнирі аяқталды, деп хабарлайды Sports.kz.
Жүлде қоры 125 мың доллар болатын жарыста украиналық 24 жастағы Алена Сотникова жеңіске жетті. Әлемнің 552-ші ракеткасы екі сетте WTA рейтингінде 319 орындағы 19 жасар ресейлік Вероника Кудерметованы 6:2, 6:3 есебімен ұтты.
Жалпы ұпай 3:1.