15:33, 04 Шілде 2009 | GMT +5
Астанада «Президент Кубогы» және «ENRC Кубогы» үшін ат спортынан жарыс өтуде
АСТАНА. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ - «Қазанат» ат спорты кешенінде «Президент Кубогы» және «ENRC Кубогы» үшін ат спортынан конкур жарысы басталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Конкур - 6-дан 18-ге дейін кедергілері бар арнайы алаңда өтетін сәйгүліктер бәсекесі.
Конкур бойынша жарысқа Қазақстаннан басқа Әзірбайжаннан, Беларустан, Грузиядан, Қырғызстаннан, Ресейден, АҚШ-тан, Өзбекстаннан, Украинадан келген елуден астам шабандоздар қатысады.
Жарыс Мемлекет басшысының, Астана қаласының әкімі И.Тасмағамбетовтың, ҚР Халықаралық ат спорты федерациясының және Ұлттық олимпиада комитетінің қамқорлығымен өтеді.
Жарыстың ресми ашылуы шілденің 5-інде болады. Жарысты тамашалау - тегін. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Мәскеу қаласының мэрі Юрий Лужков бастаған ресейлік делегация турнирдің қонақтары болады деп күтілуде.