Астанада Президенттің Жолдауын талқылауға арналған жас қаламгерлердің V халықаралық медиафестивалі өтіп жатыр

АСТАНА. Наурыздың 21-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған Балалар мен жастар бұқаралық ақпарат құралдарының V халықаралық медиафестивалі өтті,

Астанада Президенттің Жолдауын талқылауға арналған жас қаламгерлердің V халықаралық медиафестивалі өтіп жатыр
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жұлдыз» Балалар қоғамдық ұйымдары одағының президенті Елена Дмитриенконың атап көрсеткеніндей, Елбасының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауынан кейін жас қаламгерлер бас қосып, оның мән-мағынасын талқыға салу арқылы, өздерінің ұстанымдары мен түйіндерін жасайды. «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының қолдауымен өтіп жатқан фестиваль барысында сондай-ақ, кәсіби журналистермен шеберлік сабақтар, көрмелер, дөңгелек үстелдер мен тағы басқа да шаралар ұйымдастырылады. Фестиваль соңы лауреаттарды салтанатты түрде марапаттаумен және гала-концертпен аяқталатын болады. «Шараға республиканың әр аймағындағы мектеп, колледж және жоғары оқу орындарында оқитын 200-ге жуық жас жиналды. Олардың арасында ЮНИСЕФ-тің ұйымдастыруымен Амстердам қаласында өткен «Бір минуттік бейне» халықаралық байқауының жүлдегерлері, Ресейде өткен «Алтын қалам» байқауының жеңімпаздары бар», - деді ол. «Жұлдыз» Одағында өзінің тәуелсіз бес бұқаралық ақпарат құралы бар - Қазақстан аумағынан тыс танымал болып үлгерген ғылыми-әдістемелік «Жастар» журналы, «Лидер +» республикалық жастар газеті, педагогтарға арналған газет және тағы басқа басқа өнімдер шығарылады.