Астанада прокуратура қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған жиын өтті

АСТАНА. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының ғимаратында Прокуратура күні мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Жиын барысында прокуратура қызметкерлерін кәсіби меркелерімен Бас прокурор Қайрат  Мәми құттықтады. «Бүгін біз Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының бірыңғай жүйесінің қалыптасқанына 18 жыл толу мерекесін атап отырмыз. Биылғы жылы еліміздің құқық қорғау саласындағы, соның ішінде прокуратура үшін де маңызды оқиғалардың бірі - Мемлекет басшысы бекіткен еліміздің құқықтық саясатының тұжырымдамасы болды. Аталмыш құжатқа сәйкес, прокуратура органдарына үлкен маңыз беріліп отыр. Прокуратура қоғам өмірінде ең маңызды деген салалардың барлығын бақылап отыр. Әрине, әлемді қаржы дағдарысы жайлаған бүгінгідей заманда заңның орындалуын қадағалау өзіндік қиындықтар тудыруда. Соған қарамастан прокуратура қызметкерлері өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып келеді», деді Бас прокурор.

 Салтанантты рәсімде Қ.Мәми прокуратура қызметкерлерімен қатар прокуратура органдарының ардагерлерін де құттықтап оларға құрмет көрсетіп, түрлі сый-сыяпаттар жасады. Сонымен қатар Бас прокурор өз қызметіне деген адалдығымен, қызмет бабында белсенділігімен көзге түскен үздік қызметкерлерді де марапаттады. Сондай-ақ ол бүгінгі мерекеге орай прокуратура қызметкерлерінің арасында спорт түрлерінен ұйымдастырылған жарыс жеңімпаздарына да сыйлықтар табыс етті. Мерекенің соңы концертке ұласты.

 Естеріңізге сала кетейік, 1991 жылдың желтоқсан айының 6-ында Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің «Қазақ КСР-нің бірыңғай прокуратура органдарын құру, олардың еркіндігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету туралы» қаулысымен Қазақ КСР-нің Бас прокурорына бағынатын прокуратура органдарының бірыңғай жүйесі қалыптасты.

Соңғы жаңалықтар