Астанада психологтар отбасылық мәселелер бойынша тегін қабылдау өткізуде

АСТАНА. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Астанада жаңа Оқушылар сарайында отбасылық тәрбие сұрақтары бойынша азаматтарды қабылдау өтіп жатыр.
None
None

 Елорданың тәжірибелі психолог мамандары мен Астанадағы Отбасылық тәрбие институтының түлектері бүгін күнi бойы отбасылық психология және педагогика сұрақтары бойынша тегiн консультациялар өткiзедi.

 Институт директоры Любовь Набитовскаяның журналистерге берген ақпараты бойынша, аталмыш шара Халықаралық отбасы күніне орай «Болашақ бүгіннен басталады!» республикалық акциясының аясында ұйымдастырылып отыр.

 «Отбасынан артық не бар?» деп аталатын кең ауқымды шара қаладағы ата-аналарға отбасындағы психология және педагогика бойынша тегін кеңестер алуға мүмкіндік береді. Психологтардың кеңестері қаланың 60 оқу мекемесінде, «Қуаныш» даму орталығы, медициналық-әлеуметтік оңалту орталығы, «Premium staff service» жұмысқа орналасу бойынша бюросы сияқты әлеуметтік маңызы бар нысандарда өткізіледі.

 Бұл 2000 жанұяға отбасылық тәрбиелеудегі күрделі кемшілікер мен өткір мәселелерді шешудегі дұрыс әрекеттер бағдарламасын табуға көмектеседі.

 «Ата-аналар бүгінде бізге түрлі мәселелермен келеді. Негізінен олар отбасы ішіндегі тұлға аралық қарым-қатынастар мен жанұядағы шиеленістер бойынша кеңестер сұрайды. Оларды қала шешу қажет? Біз оларға бүгін тегін кеңестер өткіземіз. Меніңше олардың көбіне бұл кеңестер көмектесед», - дейді Л. Набитовская.

 Оның айтуынша, аталмыш шараны республиканың өзге де қалаларында өткізу жоспарлануда. Шамамен жыл соңында осындай кеңестер бірқатар аймақтарда ұйымдастырылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар