Астанада Р.Қошқарбаев даңғылы жөндеуге жабылады
АСТАНА. ҚазАқпарат – Р.Қошқарбаев даңғылы 12 күнге жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «109» қызметіне сілтеме жасап.
Б.Момышұлы даңғылы – Тәуелсіздік даңғылы аралығында жатқан Р.Қошқарбаев даңғылының жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары басталды. Осыған байланысты 9-20 тамыз аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін өз бағытын алдын ала жоспарлағаны абзал.