Астанада референдум күні 39 сәби өмірге келді

АСТАНА. KAZINFORM –  Елорда тұрғындары үшін республикалық референдумға қатысу, сондай-ақ перзентханалардағы қуанышты оқиғалармен тұспа-тұс келді, деп жазды елорда әкімдігінің ресми сайты.

сәби
Фото: gov.kz

Астанада 2024 жылғы 6 қазанда сағат 00:00-ден 15:00-ге дейін 39 нәресте өмірге келді, оның ішінде 29-ы – ұл және 10-ы – қыз

Елорданың үш перзентханасында сәбилер өмір есігін ашты.

Нәрестелер мен олардың аналары жақсы жағдайда және тиісті күтім көрсетіліп жатыр. Референдум күні елорданың медициналық мекемелері акушерлік бөлімшелердегі әйелдерге дауыс беру мүмкіндігін ұйымдастырды. Арнайы сайлау учаскелері тікелей ауруханаларда ашылды, бұл жүкті және босанған әйелдерге медициналық мекемелерден шықпай-ақ таңдау жасауға мүмкіндік берді.

Айта кетейік, Орал қаласында ел тарихы үшін маңызды күні шаңырақ көтеріп, қол ұстасып дауыс беруге келген жас-жұбайлар көпшілікті сүйсінтті. 

 

Соңғы жаңалықтар