Астанада Республика даңғылы бойындағы қиылыстарда жөндеу басталады
АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарына көлік қозғалысының шектелуіне байланысты ескерту жасады.
Елордада келесі қиылыстарда орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі:
— Республика даңғылы мен А. Иманов көшесі;
— Республика даңғылы мен Кенесары көшесі;
— Республика даңғылы мен Абай даңғылы.

— Осыған байланысты ағымдағы жылдың 19–21 сәуір аралығында аталған учаскелерде қозғалыс ішінара жабылады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз, — делінген басқарма таратқан ақпаратта.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.
Осыдан бұрын елордада «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында қала аумағын санитарлық тазарту мен абаттандыруға бағытталған «Таза аула» экологиялық акциясы өткенін жаздық