Астанада Республика даңғылы жөндеуге жабылады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада Республика даңғылының жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат «109» қызметіне сілтеме жасап.

Астанада Республика даңғылы жөндеуге жабылады

Осыған байланысты 30 шілде – 20 тамыз аралығында Ж.Тәшенов көшесінен А.Иманов көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылады.

Бұған дейін Тұран даңғылында жөндеу жүріп жатқанын жазған болатынбыз. Автокөлік қозғалысына 2-20 тамыз аралығында шектеулер енгізіледі.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет», - делінген әкімдік хабарламасында.