Астанада Республика күніне орай мерекелік отшашу болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 қазан - Республика күні мерекесіне орай елордада отшашу ұйымдастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астанада Республика күніне орай мерекелік отшашу болады

«Астанада демеушілік қаражат есебінен Республика күні мерекелік отшашу өтеді. Фейерверк 25 қазан күні сағат 21:00-де қаланың екі жерінде ұйымдастырылады. Атырау көпірі маңында (қала жағалауы) және Ботаникалық бақ аумағында. Ұзақтығы – шамамен 10 минут, яғни 3,5 мың рет атылады», - деді елорда әкімдігінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева.

Оның айтуынша, Республика күніне орай қала тұрғындары мен қонақтарына арналған 200-ден астам түрлі форматтағы іс-шара өтеді.

«Мереке аясында елордада түрлі сала бойынша еңбек сіңірген қызметкерлер, еңбек ардагерлері, сондай-ақ батылдығымен көзге түскен азаматтар марапатталады», - деді баспасөз хатшы.