Астанада республикалық әкелер слеті өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың қазанында Астана қалалық әкімдігі «25 игі іс» шарасы аясында Оқушылар сарайында республикалық әкелер слетін өткізуді жоспарлап отыр.

Астанада республикалық әкелер слеті өтеді

Шара Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды.

«Шара мақсаты отбасылық қарым-қатынас пен рухани адамгершілік  дәстүрлерді қалыптастыру мен сақтаудағы әкенің рөлін жоғарылату», деп атап өтті Астана қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі.

№3 балаларға арналған музыкалық мектепте, №2 өнер мектебінде және Астана қаласы техникалық шығармашылық орталығында  «Менің дарынды әкем» байқауы, «Мен және менің әкем» видеороликтер байқауы, «Арманымдағы үй»  макеттер байқауы өтті.

9 сәуірде мектепішілік әкелер слеті 68 мектепте өтті. Оған  5000 бала мен әке қатысты.

29 сәуірде №78 мектебінде «Аталар мұрасы - халық қазынасы» қалалық әкелер слетінің аудандық кезеңі өтті. Оған «Есіл» ауданындағы 150-ден астам әке қатысты.

30 сәуірде №15 мектепте «Сарыарқа» ауданындағы әкелер жиыны өтті. Сондай-ақ, №16 мектепте «Алматы» ауданындағы слетке қатысқан әкелер балаларын жалғыз асырап отырған әкелерді қолдау бойынша қайырымдылық шарасын бастайды.  

14 мамырда №59 мектеп-лицейінде әкелердің қалалық слеті өтеді.