22:43, 11 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Астанада республикалық БАҚ көрме-фестивалі өтеді
АСТАНА. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат - 12 желтоқсанда Астанадағы «Қазмедиа орталығында» республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының көрме-фестивалі өтеді.

Бұл туралы «Қазақстанның Бас редакторлар клубы» бірлестігі хабарлады.
Шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Бас редакторлар клубы ҚР Тұңғыш Президенті күніне, ел Тәуелсіздігі күніне және Қазақстанның бас редакторлар клубының 5 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырып отыр.
Көрме-фестиваль ауқымында Бас редакторлар клубының жыл сайынғы «Қазақстанның таңдаулы редакторы», сондай-ақ «Еуразияның алтын қаламұшы» сыйлықтары тапсырылады. Сондай-ақ шара барысында БАҚ көрмесі, флеш-моб, семинар-тренингілер, таныстырылымдар өткізіледі.
Оған мемлекеттік органдардың (министрліктер, ведомстволар), ҚР-дағы шетелдік мемлекеттер елшіліктерінің және бұқаралақ ақпарат құралдарының (республикалық, аймақтық және шетелдік БАҚ) өкілдері қатысады.