Астанада республикалық балалар саммиті өтеді

АСТАНА. Қазанның  31-і. ҚазАқпарат - Қарашаның 2-сінде  Астанада Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен БҰҰ Бала құқықтары туралы конвенциясының 20 жылдығына арналған «XXI ғасырдың балалары: біздің құқығымыз және мүмкіндігіміз» атты республикалық балалар саммиті өткізіледі.
None
None

«XXI ғасырдың балалары: біздің құқығымыз және мүмкіндігіміз» атты саммиттің басты міндеттері - Қазақстан балалары мен жасөспірімдерінің Бала құқықтары туралы конвенциясының ережелері және баптары жөнінде білімдерін арттыру, оларға Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бергі жетістіктері жөнінде мәлімет беру, қазіргі қазақстандық қоғамдағы балалар мен жасөспірімдердің ең өзекті проблемаларын анықтау, іскерлік ынтымақтастық икемдерін дамытуға жәрдем беру, мәдени байланысқа, дипломаттыққа және толеранттыққа үйрету.

Саммитке республиканың балалар және жастар ұйымдарының көшбасшылары қатысады. Республиканың барлық аймақтарынан 150 бала шақырылды. Саммиттің қонақтары - Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, дипломаттық корпусының, педагог және ата-аналар қоғамының өкілдері.

Саммит балалар мен жастардың әлеуметтік бастамаларын, олардың арасындағы демократиялық байланыс икемдерін дамытуды, белсенді азаматтық және өмірлік ұстанымдарды, қазақстандық патриотизмді дамытуды көздейді.

Соңғы жаңалықтар