Астанада Республикалық ұланның Президенттік оркестрінің мерекелік концерті өтеді
АСТАНА. 24 қараша. ҚазАқпарат - 30 қарашада Астанадағы «Конгресс-Холл» концерт сарайында Республикалық ұланның Президенттік оркестрінің ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік концерті өтеді.
Осылайша сарбаз-ұландар және Президенттік оркестр елорданың барлық тұрғындары мен қонақтарын мерекемен құттықтайды.
Бағдарлама репертуарында «Е.Брусиловскийдіің «Қасиетті өз елім», И.Грибуллинаның «Астана», А.Зацепиннің «Үстімде көк аспан", А.Есмұханның «Келем деп ең», М.Қасымбеков пен А.Мұхамедиұлының «Мақтанышым - Елбасы» және басқа да шығармалар бар. Концертке К.Әзірбаев атындағы «Шырқа, дауысым» конкурсының Гран-при иегері Клара Төленбаева, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері» Жанат Шыбықбаев, Мұрат Нұрғазиев, республикалық конкустардың лауреаттары Әсел Мәдекешева, Анастасия Пикулева және басқалар қатысады.
Концерт шымылдығын Республикалық ұланның әскери қызметшілер хоры Е.Брусиловскийдің «Қасиетті өз елім» әнімен ашады.