Астанада резина-техникалық, қағаз және май өнімдері қоймасы өртеніп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада резина-техникалық, қағаз және май өнімдері қоймасы өртеніп жатыр. Алдын ала ақпарат бойынша, оның ауданы 200-300 шаршы метрді құрайды.

Астанада резина-техникалық, қағаз және май өнімдері қоймасы өртеніп жатыр

«2015 жылдың 24 желтоқсанында сағат 18:39-да «101» пультіне Бейсекбаев 24/1 көшесінде өрт туралы хабарлама туралы келіп түскен. Өрт сөндірушілердің алғашқы бөлімшелері келген кезде резина-техникалық, қағаз және май өнімдері қоймасы өртеніп жатқаны туралы белгілі болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жалын 200-300 шаршы метр жерді шарпыған», - деп хабарлады Астана қалалық ТЖД-нің баспасөз қызметінен.

ТЖ орнында Астана қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері жұмыс істеуде.