Астанада РФ-да адам ұрлап, зорлап, бұзық әрекеттер және қарақшылық жасағаны үшін іздеуде жүрген ресейлік азамат ұсталды

АСТАНА.  1 қазан. ҚазАқпарат - Жедел-іздеу шараларын өткізу кезінде Астана қалалық ІІД-нің қызметкерлері Ресей ІІМ Бас басқармасындағы қылмыстық іздеу басқармасының қызметкерлерімен бірігіп,

Астанада РФ-да адам ұрлап, зорлап, бұзық әрекеттер және қарақшылық жасағаны үшін іздеуде жүрген ресейлік азамат ұсталды

Астана қаласында Ресей аумағында бірқатар ауыр қылмыстар - адам ұрлау, зорлау, жыныстық сипаттағы бұзықтық әрекеттер және қарақшылық жасағаны үшін іздеуде жүрген Ресей Федерациясының 28 жастағы азаматын ұстады.

Бұл туралы ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.

Ұсталған азамат Астана қалалық ІІД-нің уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Оны экстрадициялау мәселесі шешілу үстінде.