Астанада рухани Мәуліт кеші өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 қаңтарда сағат 18:00-де Астанадағы Конгресс-холл сарайында «Адамзаттың абзалы» атты Мәуліт рухани кеші өтеді. Бұл туралы Астана қаласы әкімінің ресми порталы хабарлады.
Кеш барысында жыр-термелер орындалып, сахналық қойылымдар көрсетіледі. Уағыз айтылып, бейнероликтер көрсетіледі. Кештің маңызы мен мәнін арттыратын шарада Мұхаммед пайғамбарға (с.ғ.с) салауаттар оқылады.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының хабарлауынша, кеш билеттерін мешіттерден алуға болады. Жиналған қаржы қайырымдылық мақсаттарда жұмсалады.
Шараға ЖОО дінтану мамандары, «Дінтану негіздері» пәнінің мұғалімдері қатысады.
Айта кетейік, Мәуліт - бір айға жалғасатын ислам дініндегі басты мерекелердің бірі. Бұл Мұхамед пайғамбар туған ай деп саналады.