09:39, 01 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Астанада «Рухани жаңғыру» бағдарламасының кеңсесі жұмыс істей бастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық әкімдікте Астана қаласының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жобалық кеңсесі жұмыс істей бастады.

Әкімдік сайтының хабарлауынша, жобалық кеңсе ұсыныстар мен ескетпелерді қабылдайды, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген Елбасының бағдарламасын іске асыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Елорда тұрғындары мен қонақтары кез-келген сұрақ бойынша Астана қ. жобалық кеңсесінің сенім телефондарына хабарласа алады: 55-67-92, 55-67-93, немесе электронды мекен-жайға хат жолдай алады.
Онымен бірге тұрғындар өздерінің ұсыныстары мен тілектерін әкімдіктің сайтына жібере алады («Белсенді азамат» айдары, (Сіздің бастамаңыз).
Кеңсе Бейбітшілік көшесі 11, №409 бөлмеде орналасқан.