Астанада «Сабантой» мерекесі тойлануда (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордадағы «Жастар» сарайының алаңында Астана қаласының «Таң» татар-башқұрт мәдени орталығы» ҚБ-ның ұйымдастыруымен Сабантой дәстүрлі мерекесі өтуде.

Астанада «Сабантой» мерекесі тойлануда (ФОТО)

Қоғамдық бірлестік бұл шараны Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап отыр.

Дәстүрлі мереке көптеген түркі халықтарының ең маңызды оқиғалар күнтізбесіне кіреді. Шара қаламызда тұратын түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бірігуіне жол ашады. Дәстүр бойынша бұл мерекені жиын-терім көп болсын деген ырыммен тойлаған.

«Бұл көктемгі егін егу науқанының аяқталуына орай жасалатын ұлан-асыр той, сондай-ақ қазіргі таңда маңызы зор мерекеге айналды. Яғни егін егіп, көңілін жайлаған ағайынның көл-көсір қуанышын білдіреді. Бүгінгі таңда бұл мейрам кеңінен тойланып келеді», - дейді шараны ұйымдастырушылар.

Бұл мереке ерте замандарда пайда болған. Ауыл адамдары көшеге шығып, тамақпен бөлісіп, би билеп, күресіп, бір-бірін іс тігуге үйреткен. Сабантойда барлық елорда тұрғындары мен қонақтары үшін концерттік бағдарлама ұсынылды.

Келушілерге татар және башқұрт халқының ұлттық тағамдары ұсынылады, байқаулар мен дәстүрлі ойындар, спорттық жарыстар («Көрәш» - белдік күрес, «Арқан тартыш» - арқан тарту) өткізіледі. Ал балалар арнайы ойын алаңында ұйымдастырылатын қызықты шараларға қатысады. 

 null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null