17:50, 28 Мамыр 2010 | GMT +5
Астанада «Салауатты Қазақстан» атты мемлекеттік бағдарламаның жобасы талқыланады
АСТАНА. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Мамырдың 31-де Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен Денсаулық сақтау ісін дамытудың «Салауатты Қазақстан» атты 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын талқылауға арналған кеңейтілген кеңес өтеді.
Бұл туралы ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Кеңес жұмысына мүдделі орталық мемлекеттік органдардың, республика өңірлерінің, облыс денсаулық сақтау басқармаларының басшылары және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатысады.