Астанада салынып жатқан нысан аумағына мұнаралы кран құлап, бір адам мерт болды
АСТАНА.KAZINFORM – Бүгін Астанада салынып жатқан нысан аумағына мұнаралы кран құлады.
Оқиға салдарынан бір адам мерт болды. Тағы екі адам зардап шегіп, медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді.
– Құрылыс кранының құлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, – деп хабарлады Астана қаласының Полиция департаменті.
Бұған дейін СҚО-да кран-манипулятордың жүргізушісі жұмыс орнында мерт болған еді.
Сонымен қатар Астанада көпқабатты үйден құлаған қыз көз жұмды.