Астанада салтанаттар үшін өкілетті санаттағы автомобиль прокаты қызметін көрсететін жүргізушіні өлтіріп кетті

Қаланың ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, салтанатты шаралар үшін өкілетті санаттағы автомобиль прокаты қызметін көрсететін жүргізуші қылмыскерлердің құрбаны болды. Сол күні оған белгісіз біреулер телефон арқылы хабарласып, кездесу жөнінде уағдаласқан.
Құрамында 4 адам бар жас жігіттер беделі автомобильді иелену үшін алдын ала өздерінің жауыздық жоспарларын құрып, бұл мақсат үшін арнайы ұялы телефондар сатып алған. Олардың жоспары мынадай: газеттен өкілеттегі санаттағы автомобиль прокаты қызметі туралы жарнама бойынша олар жолаушылар тасу деген желеумен кездесуге сөз байласып, соңынан автокөлікті иемденбек болады.
Белгіленген жерде кездесуді белгілей отырып, ылмыскерлер беделді машинаны қолға түсіру жоспарын жан-жақты ойластырады.
Уәделі аумақта машинаға мінген олардың екеуі пышақ кезеніп, жүргізушіні бірнеше жерден жарақаттайды. Содан кейін қымыс іздерін жасыру үшін Дулатов көшесі жағындағы орманды аумаққа оның денесін жасырады.
Қылмыстық топтың әр қатысушысының белгілі бір атқаратын рөлі болған. Біреу - өткізуші, бірі - делдал, басқалары кісі өлтіру жұмыстарын бөліскен.
S-санатты «Мерседес Бенц» машинасын қолға түсіргеннен кейін олардың бірі немере туысымен бірге оны қосалқы бөлшектерге сатып жіберуге уағдаласқан.
17 тамызда Астана қаласының Сарыарқа ауданындағы ІІБ-ның кезекші бөліміне азамат «С» баласының машинамен кетіп, оралмағанын айтып шағымданады.
Бұдан әрі ІІД жедел басқару орталығының бақылау бейнекамерасы арқылы зардап шеккен адамның автомашинасының қозғалу бағыттары анықталды.
Жедел-іздестіру шараларының барысында бұл машина гараж қоғамның аумағынан табылды. Бұдан кейін жоғалған жүргізушінің пышақталған денесі табылды.
Астана қаласы ІІД бастығы, полиция генерал-майоры А.Әубәкіров жедел-тергеу тобы құрылып, үш аптаның ішінде ауыр қылмыстың ашылғанын айтты.
Қылмыстықтық топты ұстаудың егжей-тегжейлі ұйымдастырылған операциясы барысында жедел қызметкерлер мен «Арлан» арнайы қызметінің жауынгерлері осы қылмысты жасаған құрамында 4 адам бар қылмыстық топты ұстады.
Қазірде ҚР ҚК 2-бөлімі 96-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық ұсталғандар Астана қаласы ІІД-нің уақытша оқшаулау абақтысына қамалды.