Астанада салынатын ботаникалық бақ жылына миллионнан астам қонақты қабылдай алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2013-2017 жылдар аралығына құрылысы жоспарланған Астана Ботаникалық бағы жылына 1 млн 250 мың адамды қабылдай алады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісінің ресми сауалына жауап бере отырып, елорда әкімдігіне қарасты коммуналдық шаруашылық басқармасы хабарлады.
None
None

«Астана қаласында салынатын Ботаникалық бақ құрылысына тапсырыс берген «Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасы», мемлекеттік мекемесі. Жалпы, бақтың құрылыс жобасы 3 кезеңге бөлінген. 2013 жылы бірінші кезеңнің құрылысы басталды. Бас мердігер - «Астана» көгалдандыру құрылысы» АҚ. Осы жылдың қыркүйегінде 2-кезеңнің құрылыс сараптамалық қорытындысы дайындалып, қазір мердігер ұйымды анықтау үшін мемлекеттік сатып алу конкурсын жариялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін 3-кезеңнің сараптамалық қорытындысы дайын болады», - деп хабарлаған әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жалпы, қаржы уақытында бөлінсе, ботаникалық бақтың құрылысы 2013-2017 жылдар аралығында аяқталады деп жоспарланған.

Саябақ орналасатын аумақты атар болсақ, ботаникалық бақ - елорданың Есіл ауданында, Есіл өзенінің сол жағалауында, Қабанбай батыр даңғылы-Түркістан-24 және 26-шы көшелер аумағында орналасатын болады. Ботаникалық бақ жылына 1 млн 250 мың қонақты қабылдай алады. «Ботаникалық бақ салынған соң 203 адамды тұрақты жұмыспен қамтиды, күніне 8 сағат жұмыс істейді» , -деп хабарланған әкімдіктің жауабында.

Соңғы жаңалықтар