Астанада салынып бітпеген «Зере» ТК үлескерлеріне миллиард теңге берілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы прокуратурасының талап-арызымен үлескерлерге құрылысы аяқталмаған «Зере» тұрғын-үй кешенінің үлескерлеріне тиісті қаражатты беру туралы сот шешімі шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

«Экономикалық соты «Зере-Самұрық» тұрғын-үй құрылыс кооперативінің құрамындағы 130 үлескердің мүддесіне сай Астана қаласы прокурорының талап арызын қанағаттандырды. «Зере» тұрғын-үй кешенінің жауапсыз құрылыс жүргізушілері, атап айтқанда «КазГазАстана» және «Алтын сапа 2011» ЖШС-нен 1 миллиард теңгеден астам қаржы өндірілді. Құрылысы аяқталмаған «Зере» тұрғын-үй кешені жер телімімен бірге тұрғын-үй құрылыс кооперативіне берілді», - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда құрылысты аяқтау үшін үлескерлер жаңа салушыларды шақыруға мүмкіндік алды.

Құрылысты аяқтау мәселелері бойынша тұрғын-үй кешені мүшелеріне Астана қаласының прокуратурасы мен әкімдігі құқықтық көмек көрсетпек.

Еске сала кетсек, осы жылдың мамыр айында «КазГазАстана» мен «Алтын сапа 2011» ЖШС-нің басшысы үлескерлердің қаражаттарын жымқырған үшін 9 жыл бас бостандығынан айырылған болатын.

Соңғы жаңалықтар