12:12, 09 Қаңтар 2010 | GMT +5
Астанада салынып жатқан «Байқоңыр» тұрғын үй кешенінің аумағындағы құрылыс вагонында болған өрт кезінде бір адам зардап шекті
АСТАНА. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат - Астанада салынып жатқан «Байқоңыр» тұрғын үй кешенінің аумағындағы құрылыс вагонында болған өрт кезінде бір адам зардап шекті,

деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Термикалық күйікпен 31 жастағы жұмысшы ауруханаға жатқызылды.
Тілсіз жау елордалық өрт сөндіру қызметінің күшімен сөндірілді