Астанада салынып жатқан шаруашылық құрылыстың шатыры өртенді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында Ақыртас көшесінде салынып жатқан шаруашылық құрылыстың шатыры өртенді.
«Сағат 18:23 Ақыртас көшесінде орналасқан салынып жатқан шаруашылық құрылыстың шатыры отқа оранды деген хабар келіп түсті. Оқиға орнына №10 өрт сөндіру бөлімі барды. 4 бірлік техника, 24 адам өртті сөндіруге жұмылдырылды», - делінген Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хабарламасында.
От 250 шаршы метр аумақты шарпыды.