Астанада салынып жатқан тұрғын үй кешені өртенді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада салынып жатқан тұрғын үй кешені өртенді.

 Астанада салынып жатқан тұрғын үй кешені өртенді

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың хабарлауынша, аталмыш нысан Қабанбай батыр және Керей мен Жәнібек көшелерінің қиылысында орналасқан және өрт қызметіне төтенше жағдай туралы хабар 18:21-де түскен. 

«Өрт сөндіруге жалпы саны 20 адам мен 5 техника бірлігі тартылды. Анықталғанындай, екінші қабатта пандуста гидроизоляциясы өртенген. Алау 60 шаршы метрге жайылған. От ошағы өрт сөндіру бөлімшелерінің келмей тұрып өшірілген», - дейді  ол.