Астанада салынып жатқан тұрғын үй кешенінен өрт шықты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада салынып жатқан нысандардың бірінің аумағында өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған оғиғаға қатысты видео әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Осы орайда куәгерлер өрт болған жерде бірнеше рет жарылыс болғанын айтып жатыр.

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қызыл жалын Мұхамедханов көшесіндегі нысанның бірінде тараған. Оқиға орнына екі өрт сөндіру бөлімі сағат 16:28-де барған.

«Өрт сөндірушілер үш газ баллоны жарылғанын және шатырды жабатын 15 бума материал жанып жатқанын анықтады. Өрт сағат 16:45-те ауыздықталып, сағат 16:50-де толықтай өшірілді. Оқиға орнында жараланған немесе зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ», - делінген департамент хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар