Астанада салынып жатқан жиһаз фабрикасының аумағында жұмысшы мерт болды, тағы біреуі ауруханаға жеткізілді
АСТАНА. 16 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астананың өндірістік аймақ ауданында кеше сағат 09.34-те жаңадан бой көтеріп жатқан «Астана Жиһаз» фабрикасының нысанында төтенше жағдай орын алды.
ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланғандай, мекеменің ішін сұйық жанар-жағармаймен генератор арқылы жылыту кезінде «Ақ-Нур» ЖШС-нің жұмысшылары иіс тиіп - 24 жастағы жігіт оқиға орнында көз жұмды, 31 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді.