Астанада «Самұрық-Энерго» компаниялар тобы қызметкерлері арасында І спорттық спартакиада өтуде

АСТАНА. 15 тамыз. ҚазАқпарат - 15-16 тамыз Астанадағы «Дәулет» ұлттық теннис орталығында «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы қызметкерлерінің арасында І спартакиада өтеді.

Астанада «Самұрық-Энерго» компаниялар тобы қызметкерлері арасында І спорттық спартакиада өтуде

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында айтылған халықтың денсаулығын жақсарту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортпен және дене шынықтырумен айналысатындардың санын арттыру, сондай-ақ бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін кең тарату мақсатында өткізіліп отыр.

Жарысқа іріктеу турларынан іркілмей өткен еліміздің түрлі қалаларының командалары қатысады. Әр команданың құрамында 21 адамнан артық болмауы тиіс және олардың барлығы «Самұрық-Энерго» АҚ-ның қызметкері болуы қажет.

Жарыстар шағын футбол, волейбол, үстел теннисі, асық ату және шахмат сияқты спорттың 5 түрінен өтеді.