21:31, 07 Мамыр 2012 | GMT +5
Астанада «Самұрық-Этно-Фест» кинофестивалі өтеді
АСТАНА. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Мамырдың 18-22-сі аралығында Астанада этнографиялық және антропологиялық деректі фильмдердің «Самұрық-Этно-Фест» атты I Халықаралық кинофестивалі өтеді.

Кинофестивальге түскен шығармашылық жұмыстардың барлығы - этнографиялық және антропологиялық бағыттағы деректі фильмдер. Онда ұлттар мен этникалық топтардың тұрмыс-салты, діні, дәстүрі, мәдени мұрасы мен тұрмыс-тіршілігі жан-жақты баяндалады. Негізгі тақырып - адам баласының шығу тегі.
Кинофестивальдің қолдаушылары - ТМД елдерінің гуманитарлық ынтымақтастығы мемлекетаралық қоры, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі және Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ. Ұйымдастырушысы - Қазақстанның киноқоры және ҚР кинематографтар одағы.