Астанада «Самұрық-Қазына» арқылы жалға берілетін пәтерлерге 159 үміткер тіркелді
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Еске сала кетейік, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ сәуірдің өткен 12-сі күні құрылыстары аяқталған «Ақ Жайық» және «Әл-Арқа» тұрғын үй кешендерінде пәтерлерді жалға беру қағидаты бойынша үлестіру үшін азаматтардан құжаттарды қабылдауды бастаған еді. Жалға берілетін баспаналардың жалпы саны - 256 (140 және 96 сәйкесінше).
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ Жылжымайтын мүлік қорының басқарушы компаниясы - «ЖҚ менеджмент» ЖШС мен «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ құжаттардың қабылданып жатқан екінші жұмыс аптасының қорытындысын шығарды.
Сәуірдің 8-інен бастап 23-іне дейін «ЖҚ менеджмент» ЖШС жалға беру және жалға беру арқылы жекешелендіруге жататын баспаналарды үлестіру ережелерін түсіндіруге қатысты 2 969 адамға кеңестер берген.
Сонымен бірге, құжаттарды қабылдау басталған күннен бері «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» арендалық төлемнің сомасын есептету үшін, яғни үміткердің төлем қабілеттілігін анықтау үшін барлығы 1032 өтініш тапсырылған.
Банктің оң мақұлдауын алған азаматтардың ішінде Басқарушы компанияға барлығы 159 әлеуетті үміткер тіркелген. Олардың 136-сы - «Ақ Жайық», 53-і - «Әл-Арқа» тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлерге.