Астанада сандық технологиялар жөніндегі халықаралық конференция басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасында «Энергетика секторындағы сандық технологиялардың рөлі мен оның Қазақстанның экономикалық трансформациясына әсері» атты халықаралық конференция басталды.
None
None

Конференцияға қатысушылар энергетика саласындағы сандық технологиялардың қазіргі жай-күйі мен даму барысын, республикадағы қайта қалпына келетін энергия көздерін пайдалану жолдарын талқылады.

«Қазір әлемнің экономикалық инфрақұрылымы тағы да трансформацияға ұшырап отыр, осылайша, инудстрияланып жатқан елдер экономикалық дамудың жаңа мүмкіндіктерін қарастырып отыр. Сондықтан, сандық технологиялардың экономикадағы рөлі мен экономиканың трансформациялануы - Қазақстан үшін де маңызды»,-деді конференцияна аша отырып, Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің директоры Томас Хельм.

Айта кетейік, конференцияда Германиядағы «General Electrik» атты мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі кеңсенің жетекшісі Вольфранг Дикер «Өнеркәсіптік интернет - қалпына келетін энергия көздері мен тұрақты даму үшін жаңа мүмкіндік» атты тақырыпта баяндама жасамақ.

Жалпы, конференцияның ресми ашылу бөліміне ҚР Президенті Әкімшілігінің. ҚР Үкіметінің, Сыртқы істер министрлігі мен өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Соңғы жаңалықтар