Астанада «Сарбаз - 2010» офицерлер балы өтті

СТАНА. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Ұлы Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында «Жас ұлан» республикалық әскери мектебінде «Сарбаз - 2010» офицерлер балы өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен өткен салтанатты кеште жас ұландар сонау сұрапыл соғыс жылдарындағы өлеңдерді орындап, іс-шараға келген ардагерлер қауымын өздерінің би өнерлерімен бір толғандырып қойды. Партия атынан Ұлы Жеңістің 65 жылдығымен құттықтаған Төрағаның бірінші орынбасары Әмірхан Рахымжанов Отан соғысы кезіндегі қазақстандық жауынгерлердің ерлік істерін ерекше атап өтіп: «Олардың батырлығы ешқашан да ұмытылмайды. Ал біз болсақ, олардың осы істеріне құрметпен қарап, әрдайым қамқорлық жасауымыз қажет», - деді.

Кеш соңында барлық ардагерлерге арнайы сыйлықтар таратылды.

Соңғы жаңалықтар