Астанада сары аяздың салдарынан оқушылар мен колледж студенттері тағы да сабаққа барған жоқ
АСТАНА. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ - Астанада сары аяздың салдарынан бірінші ауысымда оқитын 1-ші мен 11-ші сыныптардың арасындағы оқушылар мен колледж студенттері тағы да сабаққа барған жоқ.
Қалалық анықтама қызметінен хабарлағандай, «бірінші ауысымда оқитын 1-11 сыныптардың және колледждердің 1-2-ші курстарының оқушылары үшін сабақтар болмайды».
Дәл қазір Астанада термометр бағамы минус 33 градусты көрсетіп тұр.