Астанада Сарыарқа ауданы әкімдігінің жаңа ғимараты ашылды

АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада қала басшысы Иманғали Тасмағамбетовтің қатысуымен Сарыарқа ауданы әкімдігінің жаңа ғимараты салтанатты ашылды, деп хабарлады astana kz.
None
None

«Бұл жыл қаламызда және Сарыарқа ауданында орын алған тағы да бір жақсы оқиғамен есте қалмақ - біз әкімдіктің жаңа ғимаратының құрылысын аяқтадық. Бүгін 320 мың халқы бар аудан әкімдігі, қаламыздың тарихи маңызды бөлігіндегі жаңа жарық ғимаратқа ие болып отыр. Сіздерді шын жүректен құттықтаймын!», - деді Астана әкімі.

Сарыарқа ауданы әкімдігінің ашылуы жаңа 2014 жыл қарсаңында өтті. Жаңа ғимаратта өткен алғашқы кездесуде елорда басшысы Астананың биылғы жетістіктеріне тоқталып, оның қала үшін табысты әрі жемісті болғанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар