Астанада Сауд Арабиясының Қазақстандағы елшілігі Корольдіктің Ұлттық күніне орай ресми қабылдау өткізді - ФОТО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада Сауд Арабиясының Қазақстандағы елшілігі Корольдіктің 85-ші Ұлттық күніне орай ресми қабылдау өткізді. Салтанатты рәсімге ҚР Инвестициялар және даму министрінің орынбасары Рақым Ошақбаев қатысты.
None
None

Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Гурм бен Саид Аль Малхан өз сөзінде Сауд Арабиясы Корольдігі (САК) құрылғалы бері даму жолында көптеген іргелі қадамдар жасап, қазіргі таңда халқына және онда тұратын азаматтарға ең жоғары деңгейде қызмет көрсететін елге айналғандығын атап өтті.

«Сауд Арабиясы Корольдігі әлемдегі ең көп гуманитарлық және даму жолында көмек көрсететін 10 ірі мемлекеттің бірі болып табылады. БҰҰ-ның статистикасына сәйкес, өткен жылы 6-шы орынды иеленді. Соңғы 40 жылда көрсеткен көмегінің жалпы көлемі 115 миллиард доллардан асып, әлемнің 90-нан астам еліне көмек көрсетті»,-деді Елші өз сөзінде.

Ол сондай-ақ Сауд Арабиясы Корольдігінің Королі, Қос киенің сақшысы, Сәлман бен Абдулазиз Әл Сауд және ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығы аясында екі ел арасында екіжақты достастық қарым-қатынастың орнағандығын еске салды. Бұл ыстық ықылас соңғы жылдарда одан әрі тереңдеп келеді. 2014 жылы қараша айында Эр-Рияд қаласында өткен Біріккен қазақ-сауд комиссиясының 4-ші отырысы соның бір жарқын көрінісі іспеттес. Еске сала кетсек, бұл Комиссияға қазақстандық тараптан ҚР Инвестиция және даму министрі төрағалық еткен болатын. Ол жолы САК Сауда және өндіріс министрі бастаған құрамында 135 адам бар үкіметтік делегация Қазақстанға ресми сапармен келді.

Енді САК Сауда және өндіріс министрінің шақыруы бойынша, ҚР Инвестиция және даму министрінің Сауд Арабиясына сапары күтілуде.

Бүгінгі таңда екі ел арасындағы көптеген салаларда келісімшарттар мен түсіністік меморандумдарының жобаларын талқылау үдерістері жүріп жатыр.

Осы арада ерекше атап өтер жайт, ағымдағы жылы Қазақстан қажылары Алматы әуежайынан Мәдина мен Джидда қалаларына алғаш рет тікелей рейспен сапар шекті.

«Бұл оңды шара өзара ынтымақтастықтың нәтижесінде жүзеге асты. Бүгінгі САК Ұлттық күніне қатысты іс-шараларымызға қатысқандарыңызға алғысымды білдіремін», - деді сөзінің соңында Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Гурм бен Саид Аль Малхан.

Соңғы жаңалықтар