Астанада сәуір айынан бастап жол жөндеу жұмыстары басталады - әкімдік

АСТАНА. 31 наурыз. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ - Астанада 4 сәуірден бастап жол-құрылыс жұмыстары жүргізіле бастайды,

Астанада  сәуір  айынан бастап   жол жөндеу жұмыстары басталады - әкімдік

деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметінен.

«Ағымдағы жылы елордада 34 шақырым жол салынып, 26,3 шақырымға жөндеу, 27,7 шақырымына қайта жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Сондай-ақ қаламен біріккен елдімекендерде 55,68 шақырым жол салынады», - деп хабарлады Астана қаласының Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының бастығы Рашид Аманжолов.

«Бұл тұрғындарға бірқатар қолайсыздықтар әкеледі. Себебі қаланың орталық магистральдерінде қозғалыс шектеліп, қалалық жолаушылар көлігі бағыттарында өзгерістер болады. Осы тұрғыда біз алдын ала кешірім сұраймыз», - деді Р. Аманжолов.

Мысалы, 7 сәуірден бастап Жеңіс даңғылы мен Иманов көшесіндегі қайта жөндеу жұмыстарына байланысты Біржан сал көшесінің Гете көшесінен Есенберлин көшесіне дейінгі бөлігі, Есенберлин көшесінен Ә.Молдағұлова көшесіне дейінгі Жеңіс даңғылы және Янушкевич көшесінен Брусиловский көшесіне дейінгі Иманов көшесінде қозғалыс шектеледі.

Р.Аманжолов әзірленген жобаларда жаңа инженерлік желілер салу, ескі инженерлік желілерді ауыстыру және қайта салу, көлік қозғалатын жол бөлігін кеңейту, қосымша автотұрақ орындарын, жаяу жүргіншіге арналған жолдар салу, жаңа бағдаршам, жылдамдық өлшеуіштер, жол белгілері және жол қозғалысын реттейтін басқа да техникалық құрылғыларды орнату қарастырылғанын айтып кетті.

Сонымен қатар, оның айтуынша, қала әкімшілігі жақын аумақта тұратын адамдарға айналма жолдар ұсынатын болады.

Мысалы, Астана қаласының Жол полициясы басқармасы автокөліктерге айналма жолмен жүруді алдын ала жоспарлап, Біржан сал көшесінің Гете көшесінен Есенберлин көшесіне дейінгі бөлігі, Есенберлин көшесінен Ә.Молдағұлова көшесіне дейінгі Жеңіс даңғылы жолдарын айналып өтудің төмендегі схемаларын пайдалануға кеңес береді: -Бөгенбай даңғылы - Республика даңғылы - Гете көшесі; - Бөгенбай даңғылы - Бейбітшілік көшесі - Есенберлин көшесі - Тимирязев көшесі - Гете көшесі; - Бөгенбай батыр даңғылы - Жеңіс даңғылы - Молдағұлова көшесі - Бейбітшілік көшесі - Есенберлин көшесі - Тимирязев көшесі - Гете көшесі. - Бөгенбай батыр даңғылы - Жеңіс даңғылы - Молдағұлова көшесі - Катченко көшесі - Затаевич көшесі - Конституция көшесі.

Янушкевич көшесінен Брусиловский көшесіне дейінгі Иманов көшесінің айналма жол схемасы: - Мирзоян көшесі - Янушкевич көшесі - Кенесары көшесі; - Абылай хан даңғылы - Пушкин көшесі - Кравцов көшесі; - Мирзоян көшесі - Мұңайтпасов көшесі - Тәуелсіздік көшесі - Кравцов көшесі.

Қайта жөндеу жұмыстары кезінде автокөлік жүргізушілерін ескерту мақсатында Жеңіс даңғылы мен Иманов көшесіндегі үйлердің кіреберістерінде ескерту және тыйым салатын жол белгілері ілінеді.