20:12, 17 Шілде 2015 | GMT +5
Астанада сәуір айынан бері Есіл өзенінен 156 тонна қоқыс шығарылған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл сайын көктем мезгілінің келуімен елордада Есіл өзенінің арнасын тазарту жұмыстары қарқынды жүргізіледі. Астана қаласы "Есіл" ауданы әкімдігінің хабарлауынша, "ҚазБиоСервис" ЖШС тұрақты түрде аудан аумағындағы тазарту жұмыстарын жүзеге асырады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
Күнделікті компания жұмысшылары жағалау мен су бетін, қамыс арасын, балдырларды тазартумен айналысады.
Бүгінгі таңда мердігер мекеме аталмыш жұмысқа 3 қайық, 2 дана жүк тиегіш көлік пен 25 жұмысшыны тартты.
"Есіл" ауданы әкімдігі абаттандыру бөлімінің мәліметіне сүйенсек, ағымдағы жылдың сәуір айынан бері Есіл өзенінің арнасын тазарту кезінде 156 тонна қоқыс шығарылған болатын.