Астанада саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінде Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты шара өтті.
None
None

Бұған жоғары оқу орнының студенттері мен оқытушылары, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, АЛЖИР (Отанын сатқандарының әйелдеріне арналған Ақмола лагері) және Қарлаг (Қарағанды түзеу-еңбек лагері) мұражайларының ғылыми қызметкерлері қатысты.

«Бұл күннің Қазақстан үшін ерекше маңызы бар, себебі ол біздің халқымыз тарихының білуіміз және есте сақтауға тиіс қайғылы парақшаларын ашады. Өткен ғасырдың 1930-1950 жылдары жаппай саяси репрессияларға толы болды, сол уақытта жүздеген мың адамдарымыздан айырылдық. Оларға саяси қылмыс жасады деген жала жабылып, көбі атылды. Адамдар арнайы құрылған лагерьлерге жіберілді, бұл лагерьлердің көбі Қазақстанның аумағында болды. Сотталғандардың арасында біздің ұлттық элитамыздың көптеген өкілдері, Қазақстанның дамуына үлестерін қосқан талай азаматтар болған. Қазіргі кезде әділдік орнады, заңсыз сотталғандар ақталды», - деп атап өтті шараның модераторы, Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінің қауымдастырылған профессоры Сұлушаш Керімқұлова.

Қарлаг-тың екі тұтқыны сақтаған «Қыз Жібек» поэмасы қолжазбасының тұсаукесері бұл шараның маңызды сәтіне айналды. Оны қалай тапқандығы жайлы Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінің профессоры Дүйшон Шаматов әңгімеледі. Оның туысы Күзебай атаның Қарлаг-тан босатылған сәтінде камерада бірге отырған адам оған «Қыз Жібек» поэмасының қолжазбасын беріп жіберген. Бұл қолжазба ұзақ жылдар бойы олардың отбасында, Қырғызстанда сақталды.

Соңғы жаңалықтар