20:37, 18 Қаңтар 2015 | GMT +5
Астанада саяси қуғын-сүргін құрбаны болған қазақ ақын-жазушылары туралы көрме ашылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «АЛЖИР» мұражайында ХХ ғасыр басында саяси қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ ақын-жазушылары туралы көрме өткізілуде, деп хабарлайды astana.kz.
«ХХ ғасырдың 30-50 жылдары саяси қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ ақындары мен жазушылары» тақырыбындағы бейнепанорамалық көрме мұражайда 17-25 қаңтар аралығында ұйымдастырылуда. Шараны тамашалағысы келетіндерге есік ашық.