Астанада Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді

АСТАНА. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Ертең, 31 мамыр күні Ақмол кентіндегі Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарына арналған «Алжир» мұражайлық-мемориалдық кешенінде Саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.
None
None

Бұл туралы ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнен хабарлады.

"Сол күні Астанада (сағат 15.00-де) Абай және Республика даңғылдарының қиылысындағы «1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарының рухына тағзым» Монументі жанында осы датаға орай гүл шоқтарын қою шарасы өтеді", - делiнедi хабарламада.

Шараға Қазақстан РеспубликасыПарламентінің, мәслихаттың депутаттары, мемлекеттік органдардың, ғылыми және шығармашылық зиялы қауымның, азаматтық қоғам институттарының, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысады.

Соңғы жаңалықтар