Астанада саяси репрессия құрбандарын еске алу шаралары өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған бірқатар шаралар өтті.
None
None

Кеше «Қазақстан» орталық концерт залында Дарья Виолина мен Сергей Павловскийдің «Өмірден ұзақ» және «Біз өмір сүреміз» атты деректі фильмдері көрсетілген. Онда АЛЖИР-ге қамалғандардың қиын тағдыры жөнінде айтылады. Тәуелсіздік сарайында елорда әкімдігінің қолдауымен Ілияс Жансүгіровтың қоғамдық қоры, «Nedelka Projekt» арт-бастамасы «1937: Территория памяти / Жоқтау» арт-жобасын таныстырды.

Көрме саяси репрессия құрбандарын еске алу қарсаңында ашылды. Арт-жобада қойылған шығармалар медиа формасы бойынша түрлі етіп жасалған. Алайда бір мақсат төңірегінде: ұмытпау, қайталануға жол бермеу үшін жиналған. Аталаған шара ҚР Тәуелсіздік Сарайында өтеді.

Саяси репрессия мен тоталитаризм құрбандарының бейнесін «АЛЖИР» мұражай-мемориалдың кешенінен көрем деушілер мен оған қатысушылар үшін автобустар ұйымдастырылды.

Митинг барырысында мұражай залдары бойынша экскурсия өтті. Онда «АЛЖИР-дің танымал есімдері» видеопанорамалық көрмесі таныстырылды.

Сәкен Сейфуллин атындағы мұражайда «Арманда кеткен арыстар» экскурсиясы ашылды. Сондай-ақ, бүгін Сәкен Сейфуллин атындағы ескерткіш алдында Астананың жоғары оқу орындары студенттері саяси репрессия мен Қазақстандағы аштықтың құрбандарын еске алып, акция өткізді. Одан кейін қонақтар мен акцияға қатысушылар жазушының ескерткішінің алдына гүл шоқтарын қойып, бір минуттық үнсіздікпен сұрапыл жылдардың барлық құрбандарын еске алды.

Бүгін 15.00-де «1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына тағзым» Монументіне гүл шоқтары қойылды.

Ал, кешке Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік акадамиялық қазақ музыка-драма театрында Шыңғыс Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ түн» спектаклі қойылды, деп хабарлады «Бәйтерек» медиа орталығынан.

Соңғы жаңалықтар