Астанада саяжай кентінде шағын үй жанып кетіп, екі жігіт қаза тапты

ТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - Елорданың «Алматы» ауданында «Өндірістік» тұрғын үй алабында 5 қараша сағат 17.38-де саяжай үйінде өрт болды.

Астанада саяжай кентінде шағын үй жанып кетіп, екі жігіт қаза тапты

Өрт 19 сағат 50 минутте ауыздықталды, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Астана қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 20 адамдық жеке құрамы мен 3 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Өрт 30 шаршы метр жерді қамтыды. Лапылдаған жалынды сөндірген кезде 26 және 32 жастағы екі жігіттің мәйіті табылды.