Астанада саяжайлық үй өртеніп кетті, Беларус азаматшасы зардап шекті

ТАНА. 13 қазан. ҚазАқпарат - Астанада «Алматы» ауданындағы «Ударник» саяжайының аумағында орналасқан үйде өрт болды.

Астанада саяжайлық үй өртеніп кетті, Беларус азаматшасы зардап шекті

Өрт сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні, сағат бір жарымда шықты. ҚР ТЖМ Астана қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 8 адамы мен 2 техникасы оны бір сағаттың ішінде ауыздықтады.

Жалынның шарпыған жалпы аумағы 30 шаршы метрді құрады. Оқиға орнынан Беларус Республикасының 43 жастағы азаматшасы күйік жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.