Астанада саяжайлық үйде шыққан өртте ер адам ажал құшты
АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат - Кеше сағат 22.44-те Астана қаласының Есіл ауданындағы «Достық-2» бағбандық алқабында орналасқан саяжайлық үйде өрт болды.
ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, шағын үйдің шатырының құлауына алып келген тілсіз жау ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасы орталығы» ММ-нің (3 адам мен 1 техника) күшімен 4 сағаттан кейін сөндірілді. Өртті ауыздықтау кезінде егде жастағы ер адамның мәйіті табылды.