Астанада сәйкестікті бағалау саласындағы аккредитациялау жөніндегі халықаралық конференция өтті

Орталық Азиядағы инфрақұрылымда дамыту сапасы мен Қазақстанның аккредитациялаудың халықаралық жүйесіне ықпалдасуы бүгінгі шараның басты тақырыбына айналды.
Осы шараға Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Түркия, Словакия, Ресей, Беларусь және ILAC Халықаралық зертханаларды аккредитациялау саласындағы ынтымақтастық ұйымы мен РАС Аккредитациялау жөніндегі тынық мұхит елдерінің ынтымақтастығы ұйымының аккредитациялау саласындағы жетекшілері қатысты. Конференцияның ашылу рәсімінде Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау мемлекеттің экономикасы үшін аккредитациялаудың маңызды екендігін атап өтті.
«Аккредитациялау, стандарттар мен техникалық регламенттердің үйлестірілуі халықаралық саудаға қаншалықты ықпал ететіндігі белгілі.
Аталмыш шарттардың болуынсыз өнім өндірушіге халықаралық нарыққа шығу күрделі әрі қиын. Өйткені сәйкестікті бағалау саласындағы аккредитациялау өнімнің қауіпсіздігі мен оның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету шараларының бірі»,-деді вице-министр.
А.Рау сондай-ақ сөзінде аккредитациялаудың еліміздің үдемелі индустриалды-инновациялық бағдарламасын жүзеге асыру бағытындағы маңызды міндеттердің бірі болып есептелетіндігін айтты.